214
Отбасы ғылымхалы
Көпшілік ғұламалар бұған: Бұл хадис неке уақытында уәлидің болуы
некенің кәміл болуын емес, шарт екенін айтып тұр. Себебі уәлидің
болуын қуаттайтын басқа да аяттармен хадистер бар. Айша (р.анһа)
риуаят еткен Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм):
««Қайсы бір әйел уәлидің рұқсатынсыз некелессе, некесі қабыл емес,
некесі қабыл емес, некесі қабыл емес. Егер қатынас болса, болғаны
үшін мәһір төлейді. Егер келіспеушілік болса, кімнің уәлиі болмаса,
уәли сұлтан болады»,- деген хадисі бар. Бұл хадисті Зуһари риуаят
еткен. Бірақ бұл хадисті Ибн Хадиж теріске шығарады. Себебі ол бұл
хадис жайлы Зуһариден сұрағанда оны білмеймін дегенін Ханафи
ғалымдары дәлелге келтіреді.
Көпшілік ғұламалардың бұл мәселеге жауабы: Бұл туралы ибн
Хадиждан тек ибн Ғалийаһ қана жеткізген. Ал Ахмадтың және
Яхияның айтуынша бұл келтірген дәлелдері пәтуа бола алмайды.
Себебі Зуһари айтқанын ұмытып қалуы ықтимал, адамның айтқаны
есінен шығып қалуы табиғи жағдай ұмытқаны үшін адам күнәлі де
болмайды. Бұған қатысты көптеген дәлелдер бар. Ибн Хадиждан ибн
Ғалийаһтың жеткізген риуаяты дұрыс болған күнде де ілім иелері
адамның алдыңғы айтқанын ұмытып қалуын қалай теріске шығаруға
болады. Ал-Махалли 11-том, 25-беттен.
Екінші: Жүмһур ғұламаларының Әбу Ханифа келтірген дәлелдерге
жауабы.
Неке уақытында қалыңдықтың уәлиінің қатысуынсыз некелесетіні
туралы келтірілген екі аяттағы: «Оларға тыйым салмаңдар»
(«Бақара» сүресі, 232-аят) және «танкиха заужан ғайраһу» («Бақара»
сүресі, 230-аят) деген сөздеріндегі мақсат қыздың разылығы болуы
керек дегенді білдіреді. Өйткені қыздың разылығынсыз уәли қызды
некелеуіне болмайды. Кейбір адамдар Имам Тирмизиден жеткен
хадисті дәлелге келтіріп қыз уәлиінсіз өзін некелей алады деп жүр.
Бірақ бұл дәлел болмайды. Себебі ибн Аббастан (р.анһ.): «Уәлисіз
неке болмайды»,- деген хадистер жеткен. Пайғамбарымыздан
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)кейін Ибн Аббас (р.анһ.) осылай
пәтуа берген. Ал Пайғамбарымыздың (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
«Қайсыбір әйел уәлінсіз өзін (некелеуге) құқылы»,- деген хадисін
көпшілік ғалымдар уәлиі қыздың разылығынсыз үйлендіре алмайды
деп түсіндірген. Ал егер үйлендірсе некесі дұрыс болмайды. Өйкені
Ханса бинт Хизамның разылығынсыз әкесі үйлендірген болатын.
Бұны ұнатпаған ол Пайғамбарымызға (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
шағым айтып барады. Сонда Аллаһтың елшісі (аләйһис-саләту уәс-