217
Неке бөлімі
Бұл – сөздің Аллаһ Тағалаға хамд, мадақ етумен баста-
лып, шәһадат кәлимасын айту, Пайғамбарымызға салауат
айту, тақуалыққа қатысты кейбір аяттарды оқу. Қазіргі
таңда мұндай сөзді діни некедегі дін қызметкері жасай
алады.
Абдуллаһ ибн Мәсғұдтың Пайғамбарымыздан жет-
кізген хұтбасы былайша:
«إن الحمد لل نحمده، ونستعينه، ونستغفره، ونعوذ بالل من من
شرور أنفسنا، من يهده الل فل مضل له، ومن يضلل فل هادي
له أشهد أن ل إله إل الل وأن محمد عبده ورسوله»
«Аллаһ Тағалаға хамд етіп, Одан жәрдем тілей-
міз. Нәпсілеріміздің кесапатынан, іс-әрекеттеріміздің
жамандығынан Аллаһ Тағалаға сиынамыз. Аллаһ кімге
тура жол нәсіп етсе оны ешкім адастыра алмайды. Аллаһ
кімді адастырса оны ешкім тура жолға сала алмайды.
Аллаһтан басқа құдай болмағанына және Мұхаммедтің
Оның құлы және елшісі екендігіне куәлік етемін»
346
.
Осыдан кейін «Ниса» сүресінің бірінші аяты:
يَا أَيّهَا النّاسُ اتّقُوا رَبّكُمُ الّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ وَخَلَقَ
مِنْهَا زَوْجَهَا وَبَثّ مِنْهُمَا رِجَالً كَثِيرًا وَنِسَاءً وَاتّقُوا اللَّ الّذِي
تَسَاءَلُونَ بِهِ وَالَْرْحَامَ إِنّ اللَّ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيبًا
«Әли Имран» сүресінің 102 аяты:
َيَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُوا اتّقُوا اللَّ حَقّ تُقَاتِهِ وَلَ تَمُوتُنّ إِلّ وَأَنْتُمْ
مُسْلِمُون
346
Әбу Дәууд, Никах, 32; Нәсәи, Жұма, 24.