Previous Page  223 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 223 / 360 Next Page
Page Background

223

Неке бөлімі

Шариғи талаптарға сай қиылған некенің өзіндік

көптеген пайдалары бар. Олардың ең бастылары мына-

лар:

Бірінші:

Ислам дінінің талаптарына сай қиылған неке

саналы ұрпақ әкелетін негізгі жол болғандықтан құрметке

лайық, салт-дәстүрге сай, ақылға қонымды. Өйткені некені

тектілік жолмен адамзаттың жалғасуы үшін шариғатта

заңдастырған.

Шариғи талаптарға сай неке қиюдың да басты мақсаты

осы. Сондай-ақ осы некелесу арқылы адам ұрпақтары

көбейеді. Осылайша ислам діні көрсеткен ұрпақтың

дүниеге келу жолын сақтау арқылы адамның өмір сүруі

жалғаса береді.

Имам әл-Ғазали

357

ұрпақ арқылы Аллаһ Тағалаға

жақындаудың және нәпсі қалауларына еріп, шаһуатына

ерік бермей шариғи талаптарға сай түрде некелесуге

қызықтырып, олардың сүр бойдақ болып Аллаһ Тағаланың

алдына бармаудың төрт түрлі бағыты бар екендігін

айтқан:

Бірінші:

адамзат нәсілінің жер бетінде өмір сүруі үшін

ұрпақ көбейтуге тырысуАллаһ Тағаланың сүйіспеншілігіне

бөлендіреді.

Екінші:

Аллаһ елшісінің

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

үмбеттерінің көбеюіне өз үлесін қосуы пайғамбарымыздың

сүйіспеншілігіне лайықты қылады.

Үшінші:

Өзінен кейін дұға жасайтын салихалы ұрпақ

қалдырады.

Төртінші:

Тіпті дүниеге келген сәбиі өзінен бұрын

шетінесе, онда ол қиямет күні шапағатшы болады. Әбу

Суннан: «менің Суннан атты ұлым жастай қайтыс болып,

оны жерледім. Сонда Әбу Талха әл-Хауалани қабірдің

357

Ихйа ғулумуд-дин, лил-имам әл-Ғазали, 2-том, 24-бет.