Previous Page  226 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 360 Next Page
Page Background

226

Отбасы ғылымхалы

жегізсе, киім кигізсе, онда олар қиямет күні оны тозақ

отынан қорғайтын қалқан болады»

362

,-

деген.

Жоғарыда айтып өткеніміздей үйленудегі маңызды

мақсат-ұрпақ қалдыру, дүниеге бала әкелу. Сондықтан

бұрынғылардың айтқанындай ұрпақ көптігі халық ара-

сында құрметке бөлейді. Ұрпағы көп әулетке көпшілік

жағдайда зорлық-зомбылық жасалмайды. Бұрынғы жа-

угершілік заманда ұрпақтың көп болуы жауларын имен-

дірген, көп арасында беделдерінің жоғарлауына септігін

тигізген.

Бұл қазір де өз күшін жоймай келеді. Бірде ақын

Ахнаф ибн Қаис, Мағауияның үйіне кіріп, Зәйдті (Зәйд

Мағауияның ұлы) көтеріп тұрған оған таңырқай қарайды.

Сонда Мағауия оған: «Иә, Әбу Бакір, бала жайында не

айтасың?»,-дейді. Оның нені меңзегенін түсінген Ахнаф

ибн Қайс: «Мұсылмандардың әміршісі, олар арқамызды

тік ұстап тұратын тірегіміз, жүрегіміздің жемісі, көзіміздің

нұры, дұшпандарымызға үрей тудыратын қалқанымыз,

бізден кейін артымызда қалатын ұрпағымыз, жерімізді

қорғайтын, аспанымыздың ашық болуына бар қажыр-

қайратын жұмсайтындар болады»,-деп жауап береді.

Сонда Мағауия: «Аллаһ саған жар болсын, жақсы

сипаттадың»

363

,- деп разылығын білдірген.

Кейбір хикаяларда

тіпті қияметте шетінеген баланың

шапағатшы болатыны айтылады. Бағзы бір салихалы

адамдардың үйленуді ойламай тек құлшылықпен болғаны

баяндалады. Солардың бірі бірде кенеттен ұйқысынан

оянып жұртқа: «мені үйлендіріңдерші»-деп өтінеді.

Осылайша ол үйленеді. Үйленуді қаламай жүріп, кенет-

тен үйленгісі келгенінің себебін сұраған адамдарға ол:

362

Ибн Мажаһ, 2-том, 1210-бет, 3669-хадис, Китабу әл-Әдәб.

363

Фиқһ ас-Суннаһ. Сабиқ, 2-том, 138-беттен басталады.