Previous Page  230 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 230 / 360 Next Page
Page Background

230

Отбасы ғылымхалы

Екеуі бір- біріне жәрдем беріп, өмір сүрулері жеңілдейді.

Айрандай ұйыған отбасына адамдар қызыға қарап, оларға

мақтау айтады. Аллаһ Тағала да оларға разы болады.

Омар ибн Хаттаб

(р.анһ.)

: «Пендеге Аллаһ Тағалаға иман

келтіруден кейінгі берілген ең қайырлы нәрсе ол салиха-

лы, иман жүзді, ибалы әйел»

371

,- деп айтқан.

Бесіншіден:

Қоғамды жыныс мүшелері арқылы

пайда болатын әр түрлі аурулардың таралуынан сақтау.

Зинадан қорғау. Егер қоғамда СПИД. т.б. қауіпті аурулар

белең алатын болса, онда ол дүниеге келетін ұрпақтардың

денсаулығының бұзылуына, баланың жақсы өсуіне өз

зардабын тигізері сөзсіз

372

.

Алтыншыдан:

Отбасындағы адамдардың өзара

қарым-қатынасын жақсартып, араларына сүйіспеншілік

пен түсіністікті қалыптастыру. Міне, ислам діні адамзат-

ты осындай ұлағатты, тәрбиелі отбасы болуға шақырады.

Аллаһ тағала Құран Кәрімде:

وَهُوَ الّذِي خَلَقَ مِنَ الْمَاءِ بَشَرًا فَجَعَلَهُ نَسَبًا وَصِهْرًا وَكَانَ

رَبّكَ قَدِيرًا

371

Әл-Муржиғ әс-Сабиқ, 2-том, 31-бет. Хикмату әт-Ташриғ уә фәлсаф-

туһу лиш-Шейх Әли Ахмад әл-Жаржауи 2-том, 8-бет, (1398 ж)

372

Тарбиату әл-Әулад фи әл-Ислам. д.Абдоллаһ Насих Ғилуан. 1-том,

36-бет.