233
Неке бөлімі
1. Үйлену және отбасы, ана мен бала мемлекет
қамқорлығында;
2. Балаға қамқорлық көрсету, оларды тәрбиелеу ата-
ананың жауапкершілігі;
3. Кәмілетке толған және жұмысқа жарамды бала
жұмыс істеуі керек, ал жұмысқа жарамсыз бала-
лар ата-анасының қамқорлығында болады, -деп
көрсетілген.
Тақуаның әңгімесі...
Аллаһ елшісі бір күні хазіреті Әлидің үйіне кіріп келсе
бибі Фатима екеуінің өз ара күлісіп жатқанын көреді. Хақ
пайғамбарды көрісімен күлкілерін баса қояды. Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
олардың осы қылықтарын
көріп іштей риза болады. Оларға:
- Неге күліп жатыр едіңдер? Мені көрісімен неге басыла
қалдыңдар? деп сұрайды. Хазіреті Фатима сонда:
- Пайғамбарым! Әли маған «Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
саған қарағанда мені қатты жақсы
көреді» деді. Мен оған: «Жоқ, мені қатты жақсы көреді»
дедім. Аллаһ елшісі күлімдеп:
- Қызым! Сені менің балам болғаның үшін одан қатты
жақсы көремін. Бірақ Әлидің қадірі мен үшін сенің
қадіріңнен артық дейді
378
.
Ерлі-зайыптылардың жақындасу әдептілігі
Жақындасудың сүннетте бекітілген бірнеше әдебі бар.
Бұлардың кейбірін айта кетуге болады
379
. Алдымен ерлі-
зайыптылардың «бисмиллаһ» деп айтуы мұстахап. Сондай-
ақ, «Ықылас» сүресін оқып тәкбір, тахлил (ләә иләһә
иллаллаһ) айтады. Сосын былай дейді:
«Бисмиллаһил-
378
Жума, Нисауу әһлил-бәйт.
379
Зуһаили, а.а.е. 4/360.