Previous Page  237 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 237 / 360 Next Page
Page Background

237

Неке бөлімі

Хақ Тағала жаратқан әрбір нәрсесін себепке қатысты

еткен. Сондықтан бедеу әйел мен белі жоқ ер кісінің яки

осыған қатысты әлде бір жағдай болғанда емделіпАллаһтан

бала тілеуінің ешқандай сөкеттегі жоқ. Бұлайша ем іздеу

тағдыр сеніміне қайшы емес. Пайғамбарымыз «өлімнен

басқаның бәрінің емі бар» деген. Хазіреті Ибраһим мен

Зәкәрия пайғамбарлардың қартайған шағында балалы бо-

луы да сол емделуге деген ынталандыру мен үміт. Дұғаның

арқасында қара тас та қақ айырылып, тас емшектен сүт

шығады.

Бұл заманда техниканың оза шауып тізгінімен алы-

сып бара жатқан шағы. Осыны пайдаланып егер ерлі-

зайыптылар бір ұрығын, бірі жұмыртқасын алу арқылы

арнайы медициналық орталықта жетілдіріп, одан кейін

жұмыртқа иесі әйелдің жатырына орналастырып, әрі қарай

бала сол анасының құрсағында жетіліп дүниеге келетін

болса, онда бұл жолды пайдалануға болады. Бұдан басқа

бөгде біреудің жатырына салатын болса, онда бұған Ислам

діні рұқсат бермейді.

Қазіргі Ислам ғалымдары осы харам жолды беске

бөледі.

1. Ерінің спермасын өзімен некелес болмаған бөгде

бір әйелдің жұмыртқасына қосып жетілдіріп одан

кейін соны әйелінің құрсағына орналастыруы.

2. Бөтен бір ердің спермасын пайдалану жолымен

жетілдіріп, оны әйелінің құрсағына орналасты-

руы.

3. Ерлі-зайыптылардан алған жұмыртқа мен спер-

маны сыртта жетілдіріп, оны басқа бір әйелдің

құрсағына орналастыруы.