

241
Неке бөлімі
әйелдердің бірі: «олар (ер кісілер) айтады, бізде айтамыз»,-
деді. Сонда Пайғамбарымыз
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Енді
олай етпеңдер. Өйткені ол екі шайтанның жыныстық
қатынасқа түскені және ол екеуін адамдардың көріп
тұрғаны сияқты болады
»,-деп кеңес берді.
Үйлену түрлері
1. Дұрыс (сахих) неке
Дұрыс (сахих) неке деп негізі мен шарттары толық
болып қиылған некені айтамыз. Ақыл-есі толық және
балиғат жасына жеткен мұсылман ер мен ақыл-есі толық
және балиғат жасына толған мұсылман қыздың арала-
рында ешқандай үйленуге қатысты кедергісі жоқ және
екі куәнің алдында қиылған неке жарамды болып, есепке
алынады.
Ал енді осы дұрыс некенің нәтижелеріне келейік.
Бірінші:
Неке қиылған соң ерлі-зайыптылар Ислами
өлшем аясында бір-біріне төсек қатынасы адал болады.
Құранда: ْ
نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنّى شِئْتُم
«Әйелдерің сендердің егіндіктерің. Егіндіктеріңе
қалай қаласаңдар келіңдер»,
391
– дейді.
Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
де:
«Әйелдерің
жайында Аллаһтан қорқыңдар. Сөзсіз олар сендердің
жандарыңдағы көмекшілерің. Оларды Аллаһтың амана-
ты ретінде алдыңдар. Һәм ұятты жерлерін Аллаһтың
сөзі арқылы адал еттіңдер»,
392
–
дейді.
391
«Бақара» сүресі, 223.
392
Әбу Дәууд, Мәнәсик. 56.