247
Неке бөлімі
көз алдында қиып түзеуге болады. Сондай-ақ уақытша
некені де қайтадан өмірлік деп қиса неке түзеледі. Бірақ
қан, қайын жұрттық, сүт туыстығы сияқты мәңгілік тыйым
салынған жағдайларда кемістікті түзей алмайды.
Екінші:
Жарамсыз үйленуде өздерін ерлі-зайыпты
санағандар бір-бірімен төсек қатынасын жасамаса, онда
ешқандай, мәселе туындамайды.
Үшінші:
Егер төсек қатынасы болса, онда мына-
дай нәтиже туады: Туатын бала әке жағынан нәсілі
айқындалады. Бірақ бұл үшін бала ең азы алты ай және
ең ұзағы бір жылдың ішінде дүниеге келуі тиіс.
3. Жалған (батыл) неке
Негізгі шарттарында кемістігі бар болып қиылған неке
«жалған неке» деп аталады. Жас, бүлдіршін баланың, не
ақыл-есі жарым адамның тікелей өзі үйленуі және қыз бен
жігіттің неке қиярда келер шақпен келісім шарт жасауы,
қыз бауыры, немере әпке, нағашы әпке сияқты жақын
туыстарымен үйлену, өзге біреудің әйелімен біле тұра
үйленуі, мұсылман қыздың кәпірге тұрмысқа шығуы,
мұсылман ердің мүшрік, дінсіз бір әйелмен үйленуі
сондай-ақ «мұта» неке де жалған некеге жатады.
Бұлар түгелдей түзеуге келмейтін некелер. Мұндай
жағдайда дереу бір-бірлерінен алшақ кетулері қажет. Егер
ажырмайтын болса, қазы күшпен ажыратады
403
.
«Мұта» (қызықтау) неке
Бұл жерде «мұта» некесі туралы толығырақ айтпаса
болмайды. Бір ер кісі бір әйелге «мұнша ақшаға сені пәлен
уақытқа жыныстық қызығыңды көрейін» десе әйел де мұны
қабылдайтын болса, бұны «мұта» неке деп атайды. Бұл
403
Касани, а.а.е. 2/272; Дөндүрен. а.а.е. 208 бет. әл-Ихтияр. 2/145.