251
Неке бөлімі
ойлап, алдын ала некенің бар екендігі яки күмәнға қатысты
төсек қатынасының болғанын жорамалдайды.
Үшінші:
Егер олар «біз бір-бірімізге жар бола алмайды
екенбіз» деп баға беріп екеуі екі бөлек кететін болса, одан
кейін қыз бала көтеріп, босанатын болса сәби зинақордың
баласы болумен қатар, «әкесіз» болып қалады.
Төртінші:
Сәбиді дүниеге әкелген анасы ел-жұртқа
«күйеуінен ажырасқан әйел» емес, «зинақор (ойнас) қыз»
болып аталады.
Бесінші:
Хақ Тағаланың шариғатты қоюында арнайы
мақсат бар. Оны мүштәһид Имам Шатиби дарурият, ха-
жият, тахсиният деп үшке бөледі.
Дарурият – ол дін мен дүниелік істерге қатысты
зәру ерекшеліктер. Егер бұлар болмаса дүниелік істер өз
мағынасын жоғалтып, бүлік белең алып, өмір өз маңызын
жоғалтады. Сондай-ақ бұлар болмаған жағдайда ақырет
істері де жолдан шығып, жаннатқа жету мүмкіндіктері
жоғалып, адам, яки қоғам қасіретке душар болады. Ал осы
ерекшеліктердің төмендегідей бес ұстанымы бар:
1. Діннің сақталуы.
2. Нәпсі, жанның сақталуы.
3. Нәсілдің қорғалуы.
4. Мал-мүліктің қорғалуы.
5. Ақылдың сақталуы
409
.
«Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны
өзгертпейді»,-
деген аятта айтылғандай бір қоғамның
өзін ізгілікке бағыттап, ақиқат ауылына жетуі үшін осы
бес нәрсенің реттеліп, сөзсіз қорғалуы қажет. Қоғамның
негізі саналған осы бес тіректің біреуіне қауіп төнетін
болса онда ол ел құлдырап, қоғам бұзылады.
409
Шатиби. Муафақат.