Previous Page  248 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 248 / 360 Next Page
Page Background

248

Отбасы ғылымхалы

жоғарыда айта кеткен «уақытша некеге» қатты ұқсайды.

Бірақ бір-бірінен аздап айырмашылықтары бар. Уақытша

неке куәлардың алдында, белгілі бір уақытқа қиылады. Ал

мұта некесі болса, «әйелдің жыныстық қызығын пайдала-

ну» сөзі айтылады. Һәм бұл жерде «пәлен уақытқа» деп

айтудың да, некеде куәлардың болуы да шарт емес.

Төрт мәзһаб имамдары бойынша, осы «мұта» некесі

және осыған ұқсас түрлері түгелдей харам және жалған

неке.

Исламның алғашқы кезеңдерінде Аллаһ елшісі кей-

бір ғазауат соғыстарында кейбір зәру жағдайға, себепке

байланысты осындай некеге рұқсат берген болатын. Ибн

Аббас та: «мұта некесі Исламның алғашқы кездерінде

бар еді», – дейді.

404

«Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу

бір пәсте» деп, атам қазақ айтқандай Ислам келген кезде

бәріне бірдей тыйым салмай біртіндеп шариғат қойған

болатын. Мысалы арақ-шараптың харам болуы біртіндеп

жүзеге асты. Ендеше, мұта некесі де осыған ұқсайды.

Мұта некесі Исламнан бұрынғы арабтарға тән неке түрі

еді. Олар сапарға не соғысқа шыққанда кейбір әйелдермен

осылай некелесетін. Сондықтан Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту

уәс-сәләм)

бұған ә дегеннен тыйым салған жоқ. Оның үстіне

кейбір жаңадан мұсылман болғандар жорық кезеңінде

зина жолына түсіп кету ықтималы да болуы мүмкін еді.

Сол себепті жорықтарда кейбір сахабалардың сұрауы

бойынша Аллаһ елшісі рұқсат етті. Бірақ көп ұзамай Хақ

пайғамбар осы мұта некесіне қатаң тыйым салды. Сол

хадистердің кейбірі төмендегіше:

«Уа, адамдар! Мен сендерге әйелдермен мұта некені

жасауға рұқсат берген едім. Сөзсіз Аллаһ оны қияметке

дейін харам етті. Кімнің жанында мұта некелі әйел болса

404

Тирмизи, Никах, 28.