252
Отбасы ғылымхалы
Міне осы бес негіздің үшіншісі – нәсілдің сақталуы.
Егер бір қоғамда кімнің кімнен тарағаны, жаңа ұрпақ
кімдердің үрім-бұтағы екендігі белгісіз болып, тегі
беймәлім тексіз өскен ел әсте ел бола алмайды. Еуропа
елдерінде қазір жаппай тексіздік жайлаған. Оларда кімнің
кімнен тарағаны аса маңызды емес. Соның салдарынан
олар күннен күнге кері қарай кетіп бара жатыр. Өзінің
қай ұлттан шыққандығын, тарихын білмеген ұрпақ әсте
өміршең бола алмайды. Сол себепті атам қазақ: «жеті
атасын білмеген жетесіз» деп қатаң ескерткен.
Егер қазақ елі де «азаматтық неке» деген секілді дерт-
тен арылмайтын болса, күндердің бір күні Еуропаның
қамытын киюі әбден мүмкін.