Previous Page  255 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 360 Next Page
Page Background

255

Мәһір

Мәһір – үйлену кезінде ер кісінің әйелге осы атпен

беретін, яки кейіннен беруі көзделген дүние не ақша.

Мәһір некенің ешқандай шарттарына жатпайды. Ол

әйелге берілуі тиіс дүниелік ақыға жатады. Мәһір неке

қиылар кезінде айтылмаса да неке жарамды болады. Әйтсе

де әйел кейіннен өзіне тиіс мәһірін алуы тиіс. Құранда

Аллаһ Тағала:

«Сендер әйелдеріңе жақындасудан, яки

мәһір белгілемеген әйелдеріңді талақ етсеңдер мұндай

жағдайда сендерге сөгіс жоқ»,

410

– дейді. Осы аятта мәһір

берілмей үйлену туралы сөз болуда.

Пайғамбарымыз негізінде мәһірсіз сахабаларды

үйлендірмеген. Дей тұрсақ та, сахабалар арасында мәһірсіз

үйленгендер де болған. Бір хадисте Пайғамбарымыз бір

сахабаға:

«Сені пәленше деген әйелмен үйлендірейін бе?»

- деп сұрап, әлгі сахаба

«иә»

деп жауап бергенде, дәл

сол сұрақты әйелден де сұрап, ол да құптаған соң екеуін

үйлендірген. Неке үстінде ешқандай мәһір туралы сөз

болмаған. Бірақ осы сахаба да бұл өмірден өтер алдын-

да Хайбар соғысында түскен олжадан мәһір етіп бергені

айтылады

411

.

Исламда сатылуына не болмаса пайдалануына тыйым

салынбаған барлық нәрсені мәһір ретінде беруге болады.

Көлік, үй, бағалы заттар т.б. бәрі де осыған жатады. Тек

Исламның тыйым салған арақ-шарап, арам мал, ұрланған

зат сияқты нәрселер мәһірге жатпайды.

410

«Бақара» сүресі, 236.

411

Әбу Дәууд, Никах, 30.