Previous Page  261 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 261 / 360 Next Page
Page Background

261

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

ّأَسْكِنُوهُنّ مِنْ حَيْثُ سَكَنْتُمْ مِنْ وُجْدِكُمْ وَلَ تُضَارّوهُنّ

لِتُضَيِّقُوا عَلَيْهِن

«Ажырасып мерзім күткен әйелдеріңді шамаларың

келгенше үйлеріңде тұрғызыңдар. Оларға қиыншылық

жасамаңдар»,

424

– дейді.

Әйел қаламаса күйеуі оны өзінің жақын туыстары-

мен бірге отыруға мәжбүрлей алмайды. Егер жоғарыда

да айтқандай ризалық білдірсе, онда ол әйелдің көркем

мінезінің белгісі.

Бірақ күйеуі бұрынғы әйелінен болған жас бала-

сын әйелімен бірге тұрғызуға құқылы. Ал әйелдің өз

туыстарының ешбірін, тіпті бұрынғы күйеуінен қалған

кішкене балаларын күйеуінің рұқсаты болмай үйінде

тұрғыза алмайды. Өйткені күйеуі әйелінің туыстарын

нәпақамен қамтамасыз етуге міндетті емес. Ал егер күйеуі

де ризалық білдіріп, көмектесіп жатса бұл да күйеуінің

көркем мінезінің айғағы.

Сондай-ақ әйелдің өзінің жеке үйі болса сол үйде өзі

тұру үшін күйеуіне жалға бере алады. Мұндай жағдайда

күйеуі жалға алған үйдің ақшасын беруден қаша алмай-

ды

425

.

Һәм әйел қоғамдық деңгей тұрғысынан өзімен тере-

зесі тең әйелдердің қызметшілері бар екенін біліп, яки

өзі күтімге мұқтаждығын күйеуіне білдірсе, онда оның

қызметші жалдауы нәпақа үлесіне жатады.

Әйел күйеуінің айтқанына көнбей үйіне бармайтын

болса яки оған бағынбай үйінен шығып кететін болса не

424

«Талақ» сүресі, 6.

425

Ибнул-Хуммам, а.а.е. 3 том. 321 бет; әл-Фәтәуал-Хиндия, 1 том. 544-

бет.