Previous Page  266 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 266 / 360 Next Page
Page Background

266

Отбасы ғылымхалы

әйелі бұдан бөлек. Ер азамат кедей болса да ата-анасына,

әйеліне қарауға тиісті

430

.

Үшінші:

Нәпақа алатын адамның ата-тегі жағынан

туыс болуы керек. Бірақ әйелі бұған жатпайды.

Әйелдің жеке құқығы мен жауапкершіліктері

Мәһірін қолма-қол алған және нәпақасы қамтамасыз

етілген әйел ерімен бірге тұруы қажет. Алайда қолма-қол

алуға келіскен мәһірін ала алмаса, онда әйел бір үйде

тұрғанымен жақындамауға құқықы бар.

Сондай-ақ тұратын үйді ері әзірлеуі қажет. Бірақ

жарының тұратын үйі денсаулыққа қолайлы, көршілері

жақсы, үйге қажетті заттары әзір болуы тиіс. Сонымен

қатар әйел ерінің туыстарымен бірге тұрғысы келмесе

мәжбүрлей алмайды. Бірақ әйел келісімен беретін болса

онда бұл әйелдің көркем мінезінің белгісі.

Егер некесі қиылған әйел күйеуіне өзінің әкесінің

үйінде тұрамыз деп шарт қоятын болса, бұл шарты

қабылданбайды. Тіпті күйеуінің осы шартты әуелде қабыл

етсе де кейін бұл шартқа көнбеуге құқылы. Әйелін өзінің

үйіне алып бара алады.

Сондай-ақ күйеуі әйелін алып тұрған жерінен шалғай

жаққа көшетін болса, күйеуіне бағынып онымен бірге

кеткені абзал. Бірақ ол үшін күйеуінің сенімді және әйелін

харамнан сақтай алатын ізгі-қасиеті бар адам болуы керек.

Сонымен қатар неке қиярда «осы аймақтан кетпейміз»

деген шарт та қойылған болса, әйелді ризалығы болмай

алып кете алмайды.

430

Касани, а.а.е. 4/36-37. Ибн Абидин, а.а.е. 2/923: Ибн Қудамә. әл-

Муғни. 7/595.