Previous Page  263 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 263 / 360 Next Page
Page Background

263

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

«Ғиддатты» әйелдің нәпақасы

«Ғиддат» ерінің қайтыс болуы не ажырасуы арқылы

болады. Күйеуінің өлімінен әйелге нәпақа тоқтайды.

Өйткені ері қайтыс болғанда бүкіл дүние мирасқорларына

өтеді. Әйелі болса төрттен бірі, яки сегізде бір шамасында

мирасқа ие болады.

Ал әйел ажырасатын болса, «ғиддат» күту мерзімінде

нәпақа еріне тиесілі болады. Бұл үш талақта да өзгермейді.

Бірақ үш талақтан кейін Шафиғи, Малик, Ханбали бойын-

ша үй ғана әзірленеді. Азық, киім әзірленбейді.

Бала-шағаның нәпақасы

Қыз бен баланың нәпақасы әкесіне тиесілі. Тіпті

әйелімен ажырасып кетсе де, баланың нәпақасы әкесіне

міндет.

Сондай-ақ үйдегі әйелі баланы емізгісі келмесе сәби

өзгенің сүтін еметін болса, онда анасын емізуге мәжбүрлей

алмайды.

Хазіреті Айшадан мынадай бір хадис бар. «Әбу

Суфиянның әйелі Хинд бинти Утбә Аллаһ елшісі-

не келіп: «Пайғамбарым! Әбу Суфиян өте сараң адам.

Маған да бала-шағасына да нәпақа бергісі келмейді. Оның

дүниесінен айтпай алсақ күнә бола ма?» деп сұрайды.

Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Оның дүниесінен өзіңе

және бала-шағаңа жететіндей етіп алуыңа болады» деп

жауап береді»

427

. Мінекей, осы хадисте ер кісінің отба-

сына нәпақа беру уәжіп екендігін көрсетеді.

427

Бухари, Буйу, 95.