262
Отбасы ғылымхалы
болмаса мұсылман дінінен шығып кететін болса, ондай
жағдайда күйеуі нәпақа табуға міндетті емес.
Ері кедей болатын болса бұл ажырасудың себебі емес.
Ханафилар мына аятты дәлел етеді: ُّ
إِنْ يَكُونُوا فُقَرَاءَ يُغْنِهِمُ الل
«Егер үйленетін кісілер кедей болса Аллаһ оларға
шарапатын төгіп бай етеді»
426
.
Ал Малики мен Ханбали мәзһабтары мен Шафиғидың
бір пікіріне қарай күйеуінің отбасы нәпақасын қамтамасыз
ете алмауынан әйел некені қазыға жүгіне отырып бұза
алады.
Алысқа бармай-ақ өзіміздің елімізде үйленіп әйеліне
ешқандай жағдай жасамай басқа қалада, басқа жерде
қаңғырып жүрген қаншама азаматтар бар. Бұлардың кей-
бірі «жұмыс бабымен» деп өзге қалада сандалып жүрсе,
енді біреулері «дін таратып жүрмін» деп әр жерден бір әйел
алып оларға қарамай өз бетімен лағуда. Олар әйелдеріне
«мен сені Аллаһ Тағалаға тапсырамын. Ризықты сол бе-
реді» дейді. Ризық Аллаһтан екені айдан анық ақиқат.
Бірақ сол ризықты табу, Аллаһтан тілеу – ердің міндеті.
Алайда осындай діни сауаты шала адамдардың кесірінен
кейбір әйелдер үйінде қараусыз науқастанып өліп жат-
са, енді бірінің дұрыс тамақтанбағандығынан жаңа туған
сәбиі бас сүйексіз мүгедек болып тууда. Ендеше өмірі
мен сәбилеріне қауіп төндірген ерлерінен құтылып, азат
өмір сүргісі келген әйелдер сүннит имамдардың басым
көпшілігінің берген осы пәтуаларын пайдалануларына
болады.
426
«Нұр» сүресі, 32.