257
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары
маса неке кезінде мәһірді қанша беретіні айқындалмаса,
яки айтылмаса кейіннен ел қатарлы «стандарт мәһірін»
береді.
Сондай-ақ мәһірдің өтелуі «уақытылы», «кешіктіріл-
ген» болып екіге бөлінеді. Яғни неке қияр кезінде ер кісі
айтылған мөлшердегі мәһірді дереу сол шақта береді. Ал
жігіт мәһірді кейін бермек болса бұған «кешіктірілген
мәһір» дейді. Бірақ мәһірді пәлен уақытта берілу тиіс
болса, сол кезде беруі қажет. Ал уақыт белгіленбесе ұзақ
мерзімде өтей алады. Бірақ кейін бір жағдаймен ажыра-
сатын болса сол кезде ер кісі әйеліне мәһірді беруі тиіс.
Алда-жалда ері өліп кететін болса, онда әйелі мәһірін
артта қалған дүниесінен алады. Ал әйел өліп кетсе, мәһірді
оның мирасқорлары күйеуінен алады.
Мәһір – әйелдің өзіне тән ақысы. Қыздың әкесі не
атасы мәһірді қыз атынан алуына болады. Бірақ оған
иелік ете алмайды. Бірақ қыз қамқоршыларына мәһірдің
берілуіне ризалық білдірмесе жігіт мәһірді оларға бере
алмайды. Егер берген күннің өзінде ол мәһір болып са-
налмайды
415
.
Әбу Ханифа бойынша қыздың әкесі жігіттен мәһірден
өзге бір нәрсе алуына болмайды.
415
Қазіргі таңда қазақта қыздың қамқоршылары жігіт жақтан қалың мал
алып жатады. Егер осы қалың мал түгелдей қыздың көрпе-төсек, киім-
кешегіне жұмсалып жатса, онда мұны «мәһір» деп атауға болады.
Еліміздің әр жерінде өзіне тән қалың мал өлшемі бар. Бұл «стандарт
мәһір» болып саналуы мүмкін. Яғни атам қазақ қызының жағдайын
ойлап, ғасырлар бойы мәһірді қалың мал ретінде алып келген.
Ондағы мақсат қызынан пайда көру емес, қайта қызының бақытын
ойлап, тезірек үйлі-жайлы болып кетуін қалайды. Егер қыз бен жігіт
отауын өздері ғана тігетін болса, көптеген қиыншылықтарға душар
болар еді. Сондықтан атамыз қазақ қыздың мәһірін қалың мал етіп
«ертелеп» ақшалай алып, соған қыздың көрпе-төсегін, киім-кешегін
тіпті қолға ұстар қасығы мен жайылар дастарханына дейін түгендеп
алып, құдалық кезінде осыларды алып барады.