Previous Page  259 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 259 / 360 Next Page
Page Background

259

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

Нәпақа

Нәпақа – қазақ тіліне араб тілінен енген сөз. Мағынасы

азық-түлік, жұмсалған нәрселер және үй отағасысының

отбасын қажетті нәрселермен қамтамасыз ету деген сөз.

Нәпақа жалпы екіге бөлінеді.

Бірінші:

Адамның өзінің күнкөрісін қамтамасыз

ету. Өз басын түзей алмаған, кеудесін тіктеуге қауқары

жоқ адам отбасын да бөгдені де жарылқай алмайды.

Пайғамбарымыз:

«Алдымен өз нәпсіңе сосын нәпақасы

саған жүктелген адамдарға жұмса»,

418

– дейді.

Екінші:

Адамның басқалардың күн көрісін қамтамасыз

етуі. Бұған отбасы, жақын туыстары яки мал-мүлкі жата-

ды. Ендеше осы екінші мәселе туралы сөз қозғаймыз.

Ислам дінінде ер кісі әйелінің және белгілі бір жасқа

келгенше яки бір істің маманы болғанға дейін балаларын

нәпақамен қамтамасыз етуі міндеттелген. Ата-анасы мен

басқа да жақын туыстары кедей болып қалатын болса,

нәпақа оларды да қамтиды. Сондай-ақ сүті мен етінен

және күшінен пайдаланған үй жануарларына қарау да ер

кісінің мойнында

419

. Ислам діні тек адам құқығын емес,

сонымен қатар жануарлардың да құқығын қорғайды.

Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

бір хадисте:

«Аштан

өлгенге дейін мысығын қамап қойған бір әйел азапқа ду-

шар болды»,

420

– дейді.

Сол себепті бір малдың иесі оған қарамай жем-шөбін

салмай аш қалдыратын болса діни тұрғысынан да сот

тұрғысынан да сол малға қарауға мәжбүр етіледі. Сондай-

418

Муслим, Зәкәт, 95.

419

Касани, а.а.е. 4/40.

420

Бухари, Әнбия, 54.