Previous Page  258 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 258 / 360 Next Page
Page Background

258

Отбасы ғылымхалы

Дей тұрсақ та ханафилар бойынша қыздың өзіне

берілген мәһірге көрпе-төсек алуға мәжбүр ете алмайды.

Қыздың әкесі де өз малынан көрпе-төсек алуға мәжбүр

емес. Қыз ешқандай көрпе-төсексіз, киім-кешексіз тіпті

бір сабақ жіпсіз ерінің үйіне ұзатыла алады. Өйткені қыз

ұзатылған соң оның бүкіл нәпақасы күйеуінің мойнын-

да. Үй әзірлеу, тіршілікке қажетті заттар, әйеліне киім-

кешек алу бәрі ердің міндетіне жатады. Әйел – ерінің

аманаты. Ұзатылғанға дейін қызды ата-анасы қанаттыға

қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, бетінен қақпай

мәпелеп өсіреді. Осындай біреудің қызын аманат етіп,

сөз беріп алған ері сол аманатқа қиянат жасауға ешқандай

құқы жоқ.

Бірақ жігіт жағы мәһірден бөлек көрпе-төсек үшін

ақша берген болса онда осы ақшаға тиісті заттарды алуға

тиісті. Оның үстіне мәһір көрпе-төсектің құны емес. Ол

– жігіттің қызға берген арнайы сыйы.

Сондай-ақ, қыздың ата-анасы мәһірдің құнына бол-

сын, өздері салт ретінде өз қаражаттарына көрпе-төсек

алып қызына берсін, бұл дүние тұтастай ердің емес,

қыздың жеке мүлкі болып саналады. Сондықтан әйелдің

осы жеке мүлкін ері оның рұқсатымен ғана пайдалана

алады. Егер қандайда бір жағдаймен ажырасатын болса,

бұл дүниеге әйел иелік етеді.

416

Ерлі-зайыптылар тым ысырапшылдыққа бармауы

керек. Өйткені Құранда:

«Мал-мүлкіңді ысырап етіп ша-

шушы болма. Өйткені дүниесін шашқандар шайтанның

бауырлары. Шайтан болса Раббысына өте қарсы»,

417

дейді.

416

Касани, а.а.е. 2/227. әл-Ихтияр. 2/150.

417

«Исра» сүресі, 26-27.