264
Отбасы ғылымхалы
Әкенің ұлына қарау шарттары
Бірінші:
Ұлы балиғат жасына жетпеуі керек. Бірақ ұлы
балиғат жасына жеткенмен мүгедек секілді науқастанатын
болса, онда нәпақа жалғасады.
Екінші:
Ұлы кедей болу керек. Ал ұлының өзіне ти-
есілі малы болса, шығын сол малдан өтеледі.
Үшінші:
Әкесінің ұлына қарауға шамасы жетуі керек.
Бұл әкенің бай, яки нәпақа таба алатын шамада болуы
арқылы жүзеге асады.
Әкенің қызына қарау шарттары:
Бірінші:
Қызда балиғатқа жету немесе пәлен жас де-
ген шарт қаралмайды. Қыз ұзатылғанға дейін нәпақасы
әкесіне тиесілі болады. Тұрмысқа шыққан соң күйеуіне
қатысты болмақ. Алайда күйеуі қайтыс болса не болма-
са ажырасса әйел қайта әкесінің үйіне оралады. Әйел
жұмысқа мүжбүрленбейді. Бірақ Ислами өлшем аясында
жұмыс істеуіне болады.
Екінші
: Кедей болу керек. Егер қыздың малы болса
нәпақа содан өтеледі.
Үшінші:
Әкесі нәпақа табуға шамасы жетуі немесе
бай болуы керек. Төртінші: Әкенің де, қыздың да азат
болуы керек.
Ата-анасы мен өзге де жақын туыстары
Ата-ана кедей болса немесе жұмыс істеуге қауқарсыз
кәрі болса онда олардың нәпақасы баласына қатысты бо-
лады. Құранда:
وَقَضَى رَبّكَ أَلّ تَعْبُدُوا إِلّ إِيّاهُ وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا