269
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары
жүрген сарбаздарға жарларынан алты айдан артық бөлек
қалмауларына әмір берген. Сондықтан Ислам қоғамында
жыл бойы үйінен кетіп себепсіз оралмай жүрген ер адамды
қазы оралу үшін шақырады. Егер сонда да оралмайтын
болса, некелерін жарамсыз етеді.
Сондай-ақ ерлі-зайыптылар әйелдің хайыз, нифас
кезінде төсек қатынасын жасауға болмайды. Мұндай
кезде жақындау харамға жатады. Аятта:
«Хайыз кезін-
де әйелдеріңнен аулақ болыңдар»,
436
– дейді. Егер
жақындайтын болса тәубе етулері қажет. Һәм жазасы
бар. Аллаһ елшісі
(аләйһис-саләту уәс-сәләм)
:
«Кімде-кім хайыз
әйеліне жақындайтын болса егер қан қызыл түсті бол-
са бір динар, сары түсті болса, жарты динар садақа
берсін
»,
437
– дейді.
Төрт әйел алған ер кісінің әділдігі
Ер кісіге төрт әйелге дейін алуға рұқсат. Және бір
әйелі бар адамның екінші әйел аларда бұған бірінші
әйелінің келісімі қажет емес. Егер ер кісі екі не төрт әйелге
дейін алатын болса, бұлардың бәріне бірдей әділдікпен
қарауға тиіс. Әйтсе де ер кісінің бірнеше әйеліне бірдей
толық әділдік жасауы қиын нәрсе. Құранда:
«Қанша
қаласаңдар да әйелдер арасында әділ болуға шамаларың
жетпейді. Ендеше біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін
жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар»,
438
– дейді. Иә, ер
әйелдеріне нәпақа жағынан әділдік жасай алуы мүмкін.
Бірақ кейде өзгелеріне қарағанда біреуін қатты жақсы
көріп, соған қатты көңіл бөлу қаупі бар. Мұндай жағдайда
отбасының әділдік жүйесі бұзылады. Шафиғилардан тыс
436
«Бақара» сүресі, 222.
437
Тирмизи, Тахарат, 102.
438
«Ниса» сүресі, 129.