274
Отбасы ғылымхалы
сендерге мойынсұнса онда оларды ренжітіп, көңілін
қалдыруға сылтау іздемеңдер. Расында Аллаһ өте ұлы,
тым асқақ
»
453
.
Аятта
«Еркектер әйелдерді басқарушы»
,- деп
айтылған. Бұл – ер кісі ойына келгенін істейтін үйдің биле-
ушісі деген сөз емес. Керісінше, шаңырақтың отағасысы,
басшысы, әйелі мен бала-шағасын асыраушысы деген
сөз. Аяттың жалғасында «
Өйткені Аллаһ бірінен-бірін
артық етті»
,- деп айтылған. Яғни ер кісінің де әйелдің де
өздеріне ғана тән орындары бар. Мысалы, ер кісі үй-ішін
асырауда, басқаруда әйелден артық болса, әйел баласын
құрсағында тоғыз ай көтеру, туған сәбиіне түн ұйқысын
төрт бөліп оған аналық мейірімін көрсету жағынан
артық.
Ендеше, үйдің отағасысы әйелі өзіне қарсы келіп тым
шектен шығатын болса оны тәрбиелеуге құқылы. Құранда
әйелдің еріне бағынбай өз бетімен кетіп, оған қарсы
шығуын
«нушуз»
сөзімен берген. Бұл жердегі мағынасы
«үйде дау, шу шығару», «еріне қарсы келіп, оны беттен
алу», «оған мүлде бағынбай кері іс-әрекет жасау» дегенге
саяды. Осы аятқа қарай ері әйелін былайша жөнге келуге
шақырады:
Бірінші:
Насихат айту. Әйел күнде үйде дау шығарып,
шаңырақтың берекесін ала берсе онда күйеуі сабыр сақтап
оған аят, хадистерден мысал келтіріп, насихат айтып,
оның жауапкершіліктерін есіне салады. Бұған қатысты
мысалдарды жоғарыда айтып өттік. Егер әйелі сонда да
сөз тыңдамай өз білгенін істей берсе, онда екінші кезекке
көшеді.
Екінші:
Төсегінде оңаша қалдыру. Әйел еріне
бағынбай бетімен кетсе ері оны белгілі бір уақытқа дейін
453
«Ниса» сүресі, 34.