278
Отбасы ғылымхалы
әйелін жараламау шартымен ұра алатын. Англияның көне
заңдарында да ердің әйелін жөнге салу мақсатымен ұру
құқығы бар еді.
Атақты тәпсірші Қуртуби Құрандағы әйелді ұру
аятын: «Із қалмайтын етіп жеңіл-желпі ұру. Бұл ұру
оған жасаған жақсылық қана. Егер ері әйелін ұрып бір
жерін жарақаттайтын болса онда әйелге құн төлейді.
Қоштасу қажылығында Аллаһ елшісі:
«Сақ болыңдар!
Әйелдерге жақсылықты насихаттаңдар. Олар сендердің
қастарыңдағы көмекшілерің болып, айқын жамандық
жасамайынша оларға тек ізгілікте болыңдар. Егер ашық
жамандықжасайтын болса олардытөсектеріндежалғыз
қалдырыңдар. Және із қалмайтындай етіп жеңіл-желпі
ұрыңдар. Егер бағынатын болса, онда олардың көңілін
қалдыруға бір сылтау іздеуші болмаңдар»
460
дейді.
Басқа бір хадисте де:
«Заңды мәселеде сендерге
қарсы келетін болса із қалмайтындай етіп әйелдеріңді
ұруларыңа болады»,
461
– дейді.
Міне, осы «сахих» хадистерге қарасақ, Аллаһ елшісі
тікелей ұру туралы аяттың тәпсірін жасаған. Яғни
«із
қалмайтын етіп жеңіл-желпі ұру».
Тіпті табиғиндардың
үлкен Ата ибн Әби Раббах деген ғұлама сахаба ибн
Аббастан «із қалмайтындай етіп ұрудың» мәні қандай
деп сұрағанда ол: «әйелді мисуак сияқты бір нәрсемен
ұру» деп жауап берген. Сондай-ақ мұндай шара кейде бір
ер кісінің әйелі тым шектен шығып, күйеуіне бой бермей
тіпті оны масқаралап, оған қол көтерген шақта жасалуы
мүмкін.
Ал ер кісі «Құранда әйел ұру бар екен» деп әйелін
себепсіз ұратын болса, мұндай жағдайда әйелдің қазыға,
460
Бухари, Әнбия, 1, Никах, 80; Муслим, Рада, 62; Тирмизи, Рада, 11.
461
Муслим, Хаж, 147.