Previous Page  275 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 275 / 360 Next Page
Page Background

275

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

оны төсегінде жалғыз қалдыра алады. Аятта:

«Сонда да

бой бермейтін болса, төсегінде жалғыз қалдырыңдар»

,

– дейді. Төсекте жалғыз қалдыру – әйелімен бір төсекте

жатпау яки бір төсекте жатса да теріс қарап жатып алып

онымен төсек қатынасын жасамау сияқты іс-әрекеттер.

Алайда осы насихат ету мен төсекте бөлек жату

мәселесі бәрі бірнеше күн ішінде бола қоймайды. Әйелі

күйеуіне қарсы шығып өз бетімен кеткенде оған жасала-

тын насихат ұзаққа созылуы мүмкін. Бір бұзық адамды

түзеу мақсатымен жасалған насихат кейде бірнеше ай,

не бірнеше жыл уақыт алуы мүмкін. Ендеше әйелді де

жөнге салуды қысқа мерзімге сыйдыруға болмайды. Оған

жасалған насихат әр түрлі жолдар арқылы бола алады.

Өзі айтумен қатар өзгелер арқылы да айтқызуы мүмкін.

Сондай-ақ төсекте жалғыз қалдыру да ұзақ жалғасуы

ықтимал. Өйткені атам қазақ «үйлену оңай, үй болу қиын»

деп текке айтпаған. Бір екі күн сынап «шаңырақ құра

алмайды екенбіз» деп талақ етіп, басқа әйел ала беруге

болмайды. Бұл мұсылмандыққа жатпайтын қылық. Оның

үстіне ортада бала болатын болса оның әр бір тамған көз

жасына ақыретте есеп беруге тура келеді.

Иә, төсек айырғанмен ерлі-зайыптылар арасында

үнсіздік үстемдік ете алмайды. Бір-біріне теріс қарап,

сөйлеспей жүруге болмайды. Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту

уәс-сәләм)

:

«Ешбір мұсылман үш күннен артық мұсылман

бауырына қырын қарауы адалдыққа жатпайды»,

454

– дей-

ді.

Үшінші:

Әйелін жөнге салу мақсатымен ұруы. Әйелді

төсекте оңаша қалдыру да ешқандай нәтиже бермейтін

болса, онда ең ақырғы шара жөнге салу мақсатымен де-

несіне із, дақ түспейтіндей етіп ұруына болады. Қыз бен

454

Бухари, Әдәб, 52.