280
Отбасы ғылымхалы
ажырастыруға үкім бере алмайды. Өйткен олар өкіл
болғандықтан соның шеңберінен шыға алмайды. Аяттағы
өкілдердің атқаратын ісі «татуластыру» ғана. Алайда
оларға арнайы өкілдік берген болса, онда ажырасулары
мүмкін.
Өкіл арқылы үйлену
Ақыл-есі түзу және балиғат жасына жеткен жігіт
пен қыз тікелей неке қиюға қатысып үйлене алатындары
сияқты, өкіл арқылы да үйлене алады.
Некеде өкілдіктің растығы мына хадиске сүйенеді.
Умму Хабибә Эпиопияға хижрат жасайды. Сонда сол
жерде күйеуі қайтыс болып өзі жалғыз қалады. Осыдан
хабар алған Аллаһ елшісі эпиопиялық Нәжәсиге хат жа-
зып Умму Хабибәні өзіне некелеуді қалайды. Бұл жерде
Нәжәсидің үйлендіруі өкіл сипаты арқылы екені анық.
Өкілдік сөз немесе жазу арқылы міндетті атқара алады.
Адам біреуге өкілдік берген кезде куә қажет емес. Бірақ
куәнің болуы сақтық үшін қажет болуы мүмкін.
Тақуаның әңгімесі...
Бір деректе Жабир ибн Сәмура былай дейді: «Бір күні
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жанымызға келіп
бізбен бірге отырды. Сөз арасында:
-
Фатима науқастанып қалды деді. Біз осыны естіген
кезде қатты уайымға түстік. Дереу:
- Пайғамбарым! Фатимаға барып көңілін сұрасақ болмай
ма? дедік.
Пайғамбарымызбен бірге тұрдық да Фатиманың үйіне
қарай бет алдық. Барсақ есік жабық тұр екен. Аллаһ елшісі
Фатимаға дауыстап:
- Жамылғыңды жауып есікті аш! Саған көңіл айтып кел-
ген бір топ адам бар деді. Фатима: