Previous Page  279 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 279 / 360 Next Page
Page Background

279

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құқылары

немесе мұсылман емес елде сотқа шағым жасауға құқы

бар. Оның үстіне әйелін жазықсыз ұру – кісі ақысына

жатып, бұл өмірде әйелінің кешірімін алмаса күн ертең

мақшарда өтеуін еселеп сауаппен қайтарады. Яғни ерінің

әйелін ұруы немесе оған қатты сөз айтып жүрегін жарала-

уы – кісі ақысына жатады. Тіпті, ғұламалар «егер күйеуі

үйге себепсіз кешігіп түн жамылып келетін болса, әйелі

оның осы қылығын мақшарда қозғап, күйеуін есепке тарта

алады» дейді. Пайғамбарымыз әйелді еріне аманат еткен.

Аманатқа қиянат – қашан да үлкен күнә.

Һәм күйеуін ұрған әйелдің де жағдайы нақ осылай

кісі ақысына жатады.

Егер осыдан кейін де түзелмесе, онда төрешілік

кезеңге өтеді. Құранда

:

وَإِنْ خِفْتُمْ شِقَاقَ بَيْنِهِمَا فَابْعَثُوا حَكَمًا مِنْ أَهْلِهِ وَحَكَمًا مِنْ أَهْلِهَا

إِنْ يُرِيدَا إِصْلَحًا يُوَفِّقِ اللُّ بَيْنَهُمَا إِنّ اللَّ كَانَ عَلِيمًا خَبِيرًا

«Егерекеуініңарасыныңашылуынанқауіптенсеңдер,

еркектің ағайынынан біртөреші, әйелдің ағайынынан бір

төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа,

Аллаһ да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Аллаһ

толық білуші, анық хабар алушы»,

462

– дейді. Егер ерлі-

зайыптылар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүре алмаса, онда

екеуінің бірі қазыға арызын айтып, төреші тағайындатуға

құқы бар. Бұл кезде қазы ерлі-зайыптылардың туыстары-

нан мұсылман, ер, сенімді және үйленудің қадір-қасиетін,

негіздерін жақсы білетін адамдар арасынан лайығын

таңдайды.

Әбу Ханифа, ибн Ханбәл бойынша төрешілерге

ерлі-зайыптылар арнайы өкілдік бермейінше оларды

462

«Ниса» сүресі, 35.