Previous Page  285 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 285 / 360 Next Page
Page Background

285

Талақ түрлері

Ислам дінінде неке ғұмырлық ниетімен жасалады.

Белгілі бір мерзім үшін жасалатын «мұта» некеге ғалымдар

теріс қараған. Әйтсе де отбасын құрған кейбір ерлі-зайып-

тылар арасында некенің бұзылуы яки талақ етілуі мүмкін.

Ислам діні некені орынсыз бұзуды дұрыс санамаған. Тіпті

Аллаһ Тағаланың қарғысына душар болатындығын біл-

дірген. Пайғамбарымыздың

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

хадистерін-

де:

«Аллаһ Тағалаға талақтан басқа сүйкімсіз болған

еш нәрсені адал етпеді»

,

«Аллаһ Тағалаға адалдың ең

сүйкімсізі – талақ»

464

,

«Ләззат алу мақсатымен ғана

жиі-жиі әйел ауыстырған еркектерге, жиі-жиі күйеу

ауыстырған әйелдерге Аллаһ лағынет етсін», «Маңызсыз

бір себеппен ерінен ажыраспақ болған әйелге жаннат

иісі харам»

465

, «Кімде-кім бір әйелді күйеуіне айдап салса

бізден емес»,

466

– деп айтылады.

Исламда неке мынадай жағдайларда бұзылады 1.

Талақ, 2. Екі жақтың ризалығы (мухалә), 3. Қазының

үкімі, 4. Өлім, 5. Діннен шығу, 6. Ерінің әйеліне «зина

жасады» деп айып тағып осы істі анықтау үшін ант ішу-

лері (мулаанә) 7. Төрт айдан астам уақыт әйелінен бөлек

қалуға ант ішу (Илә).

Талақ негіздері

Талақ – араб тілінен енген сөз. «Ажырасу, некелерін

бұзу» деген сөз. Құранда талақ сөзі екі жерде кездеседі.

464

Әбу Дәууд, Талақ, 3; Ибн Мәжә. Талақ,

465

Әбу Дәууд, Талақ, 3.

466

Ханбәл, 2 том. 397.