Previous Page  289 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 289 / 360 Next Page
Page Background

289

Талақ

аспайды. Бұған Әбу Һурайраның жеткізген мына хадисі

дәлел:

«Сөзсіз Аллаһ үмбетімнен жасамағандарын немесе

тілдерімен білдірмейінше, жүректеріндегі әзәзілдіктері

мен жасауға зорланған нәрселердің үкімін жойды»

473

.

Кейде талақ етуді ниеттеніп емес, жай ғана талақ ету

сөздерін пайдаланып әзілдеп айтуы мүмкін. Мысалы, бір

ер әйеліне әзілдеп немесе мазақтап, «мен сені талақ еттім»

десе не болмаса әйелі оған әзілдеп «мені талақ етсейші»

десе оған күйеуі де ойнап «иә, талақ еттім» дейтін болса,

Әбу Ханифа мен ИмамШафиғи бойынша, талақ іске асып,

екеуі сол сәтте ажырасып кетеді. Өйткені әзілдеп айтса да

талақ ету сөзін біле тұра айтып тұр

474

. Бұған мына:

وَلَ تَتّخِذُوا آيَاتِ اللِّ هُزُوًا

«Аллаһтың аяттарымен ойнамаңдар»

475

– аяты

дәлел. Имам Мұхаммед бізге Аллаһ елшісінің

(аләйһис-саләту

уәс-сәләм)

:

«Үш нәрсенің қалжыңы да, расы да жүзеге аса-

ды (яғни шындыққа есептеледі): талақ, азат ету және

неке»,

– дегені жеткен

476

дейді. Абдуллаһ ибн Масғуд

(р.а.)

жеткізген риуаятта пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Шын мәнінде, талақ етудің ойыны мен шындығы бір-

дей болғанындай неке қиюдың да қалжыңы мен расы

пара-пар (есептеледі)»,-

дейді. Әл-Хасан риуаят еткен

хадисте Аллаһ елшісі

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

:

«Кімде-кім ой-

нап, не қалжыңдап талақ қылса немесе ойнап неке қиса,

ол оған рұқсат етіледі

(яғни жүзеге асады)»,-дейді. Ибн

Масғуд

(р.а.)

: «Кімде-кім ойнап талақ қылса, неке қиса не-

месе (құлды) азат етсе, ол оған рұқсат етіледі (ол шынайы

473

Бухари, Талақ, 11.

474

әс-Сабуни, а.а.е., 1 том. 310.

475

«Бақара» сүресі, 231 аят.

476

Әл-Хужжәту лишШайбани, 3-том,177-бет