294
Отбасы ғылымхалы
мауы керек. Дәлел: Аятта:
«Талақ – екеу»
491
.
«Ері әйелін
(үшінші мәрте) талақ етсе, әйелі оған басқа бір ермен
үйленбейінше адал болмайды»
492
. Осы аяттарда мастық
туралы сөз болмаған. Хадисте:
«Кішкентай бала мен
ақыл-есі жарымнан басқа барлық талақ жарамды
»
493
.
Басқа бір аятта да:
َيَا أَيّهَا الّذِينَ آمَنُوا لَ تَقْرَبُوا الصّلَةَ وَأَنْتُمْ سُكَارَى حَتّى تَعْلَمُوا
مَا تَقُولُون
«Мас болып тұрғандарыңда өздеріңнің не деп тұр-
ғандарыңды білгенге дейін намазға жақындамаңдар»,
494
– дейді. Осы аятта мас адам сөз етіліп, олардың діни әмір
мен тыйымдарға мойынсұнуға міндетті екендіктері иша-
рат етілген. Ендеше, мас адамның талағы жарамды.
Мас болудың екі түрі бар.
1. Мүбаһ, адал бір тамақты жеуден, яки сусын-
ды ішуден мас болып не болмаса мас қылатын нәрсені
зорлықпен, яки қорқып ішіп мас болып талақ ететін болса
жарамсыз болады. Бұл тұрғыда мәзһабтардың ауызбірлігі
бар. Мысалы, тым көп бал жеу немесе кейбір жемістен
жасалған сусынды ішу арқылы мас болу осыған жата-
ды.
2. Харам етілген бір сұйық затты ішіп мас болу. Шарап,
арақ, коньяк, сыра, т.б яки анаша тәрізді нәрселерді пайда-
ланып мас болып, талақ ететін болса бұл жарамды бола-
ды. Мысалы, мас адам біреудің малын ұрласа не біреуге
тіл тигізсе, заң алдында жауап береді. Оның мастығына
491
«Бақара» сүресі, 229.
492
«Бақара» сүресі, 230.
493
Касани, а.а.е., 3 том. 100.
494
«Ниса» сүресі, 43.