Previous Page  296 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 296 / 360 Next Page
Page Background

296

Отбасы ғылымхалы

Иә, мұсылманға арақ-шарап мәңгілік харам. Оны іш-

кен адам үлкен орны толмас күнәға батады. Арақ-шарап

ішкен адам өзіне де, отбасына да, тіпті қоғамға да көп

зиянын тигізеді. Сөйте тұра әзәзілдің құрығына ілініп,

шарап ішіп, мас болып, әйелін талақ ететін болса, онда

оның сол сөзді ақыл-есі орнында болып, әлде есін білмей

айтқандығын есепке алып соған қарап пәтуа беру абзал

болуы мүмкін. Әсіресе бұл жағдай дінге енді ғана бет

бұрып келе жатқан қазақ халқында жиі кездеседі. Осылай

болса иманы жаңа ғана толысып, дінін бірте-бірте үйреніп

келе жатқан халыққа екінші көзқарасты ұстану ең азбалы

болса керек.

Талақтағы сөздер

Талаққа қатысты айтылған әртүрлі сөздер оны іске

асыра алады.

Бірінші:

Мағынасы айқын сөздер. Талаққа қатысты

айтылатын айқын да, анық сөздер «айқын сөздер» деп

аталады. Мысалы «сені талақ еттім», «сенімен ажырас-

тым» т.б. сөздер.

Екінші:

астарлы, ауыспалы мағынада айтылған

сөздер. Мұндай сөздер арқылы талақ етуде не талақ

ниетінің болуы не болмаса сол сөздің ішінде талақты

меңзейтін мағына болуы тиіс. Мысалы, «ғиддатыңды күт»,

«Аллаһ талақ етуді қалады», «сен менің әйелім емессің»

т.б. сөздер. Мұндай сөздер (рижиғ) «айну» талақты ғана

іске асырады. Яғни бір талақты білдіреді. Алайда «Сен

маған харамсың», «Сен менен құтылдың» «бар да басқа

біреуге тұрмысқа шық» деген сөздер үш талақты (байын)