Previous Page  298 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 298 / 360 Next Page
Page Background

298

Отбасы ғылымхалы

са, ниеті болмағандықтан талақ іске аспайды. Ері

«талақты меңземедім» деп ант етсе расталады

498

.

Шафиғи мен Маликилерде астарлы сөздерде ниеті

болмайынша талақ іске аспайды. Ері: «мен бұл сөзіммен

талақты ниет етпедім» – дейтін болса дереу расталады.

Сөз түйіні ері әйелін талақта айтылатын арнайы

сөздермен талақ етіп, артынша «мен бұл сөздермен талақты

меңземеген едім» немесе «талақ етуді ниет етпедім» дейтін

болса не болмаса «бұл сөзіммен басқа бір нәрсеге ниет ет-

кен едім» деп ақталатын болса, Ислам сотында бұлардың

ешбірі назарға алынбай талақ іске асады. Ал, Аллаһ Тағала

мен өзінің арасы еркін болып қалады. Яғни осы сөздерді

талақтан басқа бір мағынада пайдаланғандығына сенетін

болса, онда әйелімен бірге әрі қарай өмір сүруіне болады.

Алайда, өзіне сенімді емес болса әйелімен бірге өмір сүре

алмайды. Сондай-ақ, ерінің «мен әйелімді қорқыту үшін

ажырасуға қатысты сөздерді пайдаланған едім» деуін куә

арқылы дәлелдемесе сотта расталмайды

499

.

Хат арқылы талақ ету

Ислам дінінде ерлі-зайыптылар бір-бірлерінен

қашықта тұрып-ақ ажырасуларына болады. Ханафилерде

ері әйеліне хат жазып сол хаттың сыртына әйелінің ме-

кен-жайы мен аты-жөнін жазып хатта: «Сені талақ ет-

тім» яки «Сенімен ажырастым» деген сияқты айқын талақ

етуді білдіретін сөздермен жазатын болса, ниеті талақ ету

болмаса да талақ іске асады. Бірақ ері әйелінің аты-жөні

мен мекен-жайын жазбай тек қана бір қағазға «әйелім

пәленше сені талақ еттім» деп, жазатын болса, бұл сөз

498

Касани, сол жерде.

499

Дөндерен, 370 бет.