293
Талақ
істі тілімен ғана жасаған, бірақ жүрегі иманға тұнып
тұрған адамнан басқа кімде-кім иман келтірген соң
Аллаһты теріске шығарып, көңілін күпірге ашатын
болса оған Аллаһтың ашуыжәне оларға зор азап бар
»,
487
– дейді. Осыған орай зорлықпен күпір сөз айтқан адамның
сөзі жарамсыз болатын болса бұдан төмен деңгейдегі
талаққа қатысты сөздер әлдеқайда жарамсыз болуы ке-
рек. Һәм хадисте:
«Сөзсіз Аллаһ үмбетімнен қателесу,
ұмыту және жасауға зорланған нәрсенің үкімінжойды»
488
дейді. Ханафилер бұл хадистің жалпылама еместігін алға
тартады.
Көпшіліктің сүйенген тағы бір мынадай хадисі бар.
«Иғлақ» (зорлау, қорқыту, ашу-ыза) кезінде талақ және
құл азаты болмайды»
489
. Хадистегі
«Иғлақ»
сөзі – қатты
ашу не қайғыру, не істерін білмей қатты сасу мағынасына
саяды. Адам қатты қорқып не болмаса қатты ашуланған
кезде өзіне ие бола алмайды. Ендеше, бұл жағдайда
оның талағы жарамды болмауы керек. Османлы мем-
лекеті де ақырғы кездерінде көпшіліктің пікірін негізге
алып: «Зорлықпен жасалған талақ жарамсыз»- деп, пәтуа
қойған
490
.
Мас адамның «талағы»
Бұл туралы да ғалымдар арасында екі көзқарас бар.
Бірінші:
Ханафилар және Шафиғилардың жаңа көзқарасы
һәм Маликилердің кейбір көзқарасы және Ханбалилердің
мықты көзқарасына қарай мас адамның талақ етуі жарамды
болып саналады. Бірақ мастықтың мүбаһ адал жолмен бол-
487
«Нахл» сүресі, 106.
488
Бухари, Талақ, 44, Ибн Мәжә.
489
Әбу Дәууд, Талақ, 8; Ханбәл.
490
Дөндүрен. а.а.е. 368 бет.