299
Талақ
айқын талақ етуді білдірумен қатар «астарлы сөзбен талақ
ету» түріне жатады. Сондықтан бұл жерде ерінің талақ
туралы ниетінің қандай екендігі зерттеледі. Өйткені ері
бұндай жазуды басқа бір ниетпен де жазуы мүмкін.
Хаттағы жазу әсілінде сол хаттың жазылған күнінде
жүзеге асады. Бірақ хатқа «осы хат жеткен кезде» яки «осы
хатты алған сәттен бастап сені талақ еттім» деген сияқты
сөздер болса, сол хат жетпейінше талақ іске аспайды.
Көптеген мүштаһидтердің көзқарасы бойынша ері әйелін
талақ еткенін бір қағазға талақ ниетімен жазатын болса,
талақ іске асады. Егер жазуды басқа бір ниетпен жазатын
болса онда талақ іске аспайды. Яғни талақ ниетімен жазған
адам оны аузымен айтқанмен бірдей болмақ
500
. Бұған
дәлел – Пайғамбарымыздың Исламды жаюда қолданған
әдістемесі. Ол көптеген патшаларға хат жазып оларды
дінге шақырған.
Өкіл арқылы талақ ету
Ері әйелін бір өкіл арқылы талақ ете алады. Ол бір
адамға «әйелімді талақ етуге сені өкіл еттім» деп оған талақ
етуге өкілдік береді. Бұдан кейін әлгі өкіл әйелге барып
талақ еткенін айтқаннан бастап әйел талақ етіледі. Сондай-
ақ, елші жіберуге де болады. Бірақ елші ерінің айтқан
сөзін айна қатесіз жеткізуі тиіс. Ері елшіге: «әйеліме бар
да оны бір «рижиғ» (қайту) талақпен талақ еткенімді айт»
десе, елшісінің осы хабарды айна қатесіз әйеліне жеткізуі
арқылы талақ іске асады
501
.
500
Ібн Абидин, а.а.е; 2 том; Зуһәйли, а.а.е. 6 том.
501
Касани, Ибн Абидин.