Previous Page  300 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 300 / 360 Next Page
Page Background

300

Отбасы ғылымхалы

Саңырау мен мылқаудың талақ етуі

Саңырау мен мылқаудың үйленуі арнайы белгілермен

болғаны секілді ажырасулары да осыны білдіретін бел-

гілермен іске асады. Хат танитын саңырау мен мылқаудың

талақ етуі туралы түрлі көзқарас бар. Кейбірі мылқаудың

жазу арқылы талақ етуін жөн көрсе, кейбір ғалымдар бел-

гімен талақ ете алатынын айтады.

Көптеген ғалымдар бойынша сөйлей алатын саңырау

адамның белгімен жасаған некесі де талағы да дұрыс бол-

майтынын айтады

502

.

Бір сөзбен үш рет талақ ету мәселесі

1. Көпшіліктің көзқарасы

Төрт мәзһаб имамына және Ислам фиқһ ғалымдары-

ның көпшілігі бойынша ері әйелін бір сөзбен үш рет талақ

ететін болса, үш талақ ету де іске асады. Осыдан кейін

«айқын талақ» болып ері үш рет талақ ету мүмкіндігінен

айырылады. Яғни осыдан кейін сол ажырасқан әйелі басқа

біреуге тұрмысқа шығып сонымен бірге болып, одан

кейін онымен ажырасып содан соң арнайы күту мезгілі

«ғиддатты» біткеннен кейін ғана бұрынғы ерімен қайта

қосылу мүмкіндіне ие бола алады. Осындай көзқарастар

хазіреті Омар, хазіреті Әли, Ибн Омар, Ибн Аббас және

Ибн Мәсғұд тәрізді сахабалардан бізге жеткен.

Ибн Аббас, ибн Мәсғұд және Абдархман ибн Ауф

сияқты сахабалардан басқаша бізге жеткен көзқарас та

бар

503

.

502

Ибн Абидин, сол жерде.

503

Зуһайли, а.а.е. 7/407.