305
Талақ
орынан тұрады да: «Мен әлі араларыңда тұрып, әлде біре-
улер Аллаһтың кітабымен ойнағаны ма?», – дейді
512
.
Әбу Хафс әл-Махзуми әйелі Фатима бинти Қайсты бір
кезде үш рет талақ етеді. Хақ пайғамбардан Фатима үшін
«ғиддат» нәпақасы туралы сұрағанда ол: «нәпақа қажет
емес, тек «ғиддат» қажет» дейді. Егер Хақ пайғамбар үш
талақты бір санағанда «ғиддат» нәпақасының берілуін ай-
татын еді. Шафиғилар осы хадиске сүйеніп әйелге нәпақа
қажет еместігін алға тартқан.
Хазіреті Әли шейіт болған соң орнына хазіреті Хасан
халифа болады. Сол кезде оның әйелі Айша бинтул-Фадл
оны халифа болуымен құтықтайды. Сонда хазіреті Хасан
қатты ашуланып: «Мұсылмандардың әміршісі – Әлидің
өлтірілгені үшін қуанып, сол қуанышыңды білдіріп
тұрсың ба? Сен үш мәрте талақсың», – дейді де әйелін
талақ етеді. Кейіннен «егер мен мына хадисті атамнан
естімегенімде сенімен қайта үйленетін едім»,- деп
«Кімде-
кім әйелін «ғиддат» ішінде үш рет яки бір сөзбен үш рет
талақ ететін болса, бұдан кейін сол әйел басқа біреуге
тұрмысқа шықпайынша оған адал болмайды»,
513
– деген
хадисті айтады.
512
Нәсәи, Талақ.
513
Бәйхақи, Сунәнул-Кубра.