310
Отбасы ғылымхалы
«Талақ болған әйелдер, үш етеккір мерзімін күтеді...
Әйелдерін қайта алуға өз ерлері лайығырақ
»
515
.
Осы аяттар бойынша ер кісі «ғиддат» күтіп отырған
әйеліне өз қалауымен ғана орала алады.
Хадисте де бірде Пайғамбарымыз жары Хафсаны
талақ етеді. Сол кезде Жебірейіл келіп оған:
«Хафсаға
қайта орал, өйткені ол көп ауыз бекіткен, көп намаз
оқитын әйел»,
516
– дейді.
«Рижиғ» (қайту) талағының үкімдері
1. Талақ саны азаяды. Ері әйелін бір талақпен талақ
еткен болса, әрі қарай екі құқығы қалады.
2. Талақ етілген әйел разы болса да, болмаса да
ері «ғиддат» ішінде отырған әйелімен жаңа неке
қимай, жаңадан мәһір де бермей соған қайта орала
алады. Егер ері әйеліне «ғиддат» мерзімі біткен соң
баратын болса, онда бұл «айқын талаққа» айнала-
ды. Бұдан кейін неке қимайынша ерлі-зайыптылар
бірге бола алмайды.
3. Некелік байланыс «ғиддат» біткенге дейін
жалғасады. Яғни «ғиддат» аяқталғанша ерлі-зайып-
тылар бір-біріне харам болмайды. Осы кезеңде
ері әйелімен төсек қатынасын жасай алады. Бірақ
төсек қатынасын жасаған кезден бастап бұл ерінің
әйеліне қайтуы болып саналады.
4. «Ғиддат» мезгілі кезінде ерлі-зайыптылардың
біреуі көз жұматын болса онда олар бір-бірлеріне
мирасқор бола алады.
515
«Бақара» сүресі, 228.
516
Әбу Дәууд, Талақ; Нәсәи, Талақ; Ханбәл, Муснәд.