314
Отбасы ғылымхалы
Үлкен ажырасу жағдайында
Ері әйелін бір сөзбен үш талақ не үш мезгілде үш
талақ айтатын болса «байын» үлкен талақ іске асады.
Бұлардың үкімі былай.
Бірінші:
Ерінің әйеліне деген талақ құқығы бітеді.
Екінші:
Неке сол сәтте аяқталады. Қайта қосылу үшін
әйелі басқа біреумен тұрмыс құрып ажырасуы керек.
Үшінші:
Әйел «ғиддат» біткенге дейін ерінің үйінің
бір бөлмесінде тұруына болады. Ерінің оған деген
нәпақасы жалғасады.
Төртінші:
Ерлі-зайыптылар арасында мирас
жалғаспайды.
Бесінші:
Кейінге қалдырған мәһір дереу беріледі.
Мұндай кезде олардың арасындағы неке біткен соң
«ғиддат» уақытында әйел ерінің алдында орамалсыз жүре
алмайды. Кешегі ерлі-зайыптылар бұдан былай бір-біріне
жат болып табылады
521
.
Талақ әдебі
Ислам діні отбасы мәселесінде «өмірлік» ұстанымын
негізге алған. Сондықтан дінде уақытша яки «мута»
некелеріне ешқандай рұқсат берілмеген. Бірақ ерлі-
зайыптылардың бәрі бірдей бір-бірімен түсінісіп бақытты
өмір сүре бермейді. Бес саусақ бірдей емес. Отбасы болған
соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Міне, дін осын-
дай келеңсіз мәселелерді алдымен бейбіт жолмен шешу-
де, ерлі-зайыптылар сабырлық танытып қажет болса өз
жақындарынан төреші тағайындап мәселені оң шешіп
ерлі-зайыптыларды қайта жарастыру тәсілдердерін
521
Зуһайл, а.а.а. 7/440.