318
Отбасы ғылымхалы
естіген кезде қатты ашуланып орнынан тұрып кетіп:
«Мен
әлі араларыңда тұрғанда әлдекімдер Аллаһтың кітабы-
мен ойнағаны ма?»,
530
– деген.
Ендеше Ислам діні ерлі-зайыптыларға шектен шыққан
жағдайларда ғана ажырасуға рұқсат берген. Онда да ері
бірден үш рет талақ етпей бір рет қана талақ етуі тиіс.
Өйткені ашуланып сүннетке ұйымай бірден үш талақ
ететін болса, артынан ашуы басылған соң қатты өкініп,
саусақтарын шайнап қалуы мүмкін. Үш рет талақ еткен
адам қайта сол әйеліне үйлене алмайды. Ол үшін әйелі өзге
біреуге тұрмысқа шығып онымен бірге болып одан кейін
ажырасып, одан соң ғиддат күтіп содан соң ғана қосылу
мүмкіндігі туады. Ал ері бір ғана талақпен талақ ететін
болса өзіне өзі келіп ес жиып, бала-шағасының ертеңгі
күнін ойлап қалған екі талақ ету мүмкіндігі болғандықтан
«ғиддат» күту мерзімінде отырған әйеліне қайта қосыла
алады.
Егер ері әйелін «рижиғ» яғни бір талақпен талақ ететін
болса, одан кейін әйелі «ғиддат» мерзімін күтеді. Осы
«ғиддат» мерзімі бітпей жатып ері ойланып әйеліне қайта
қосылғысы келсе онымен қайтадан неке қимай қосыла
алады. Өйткені ханафилер бойынша «ғиддат» мерзімі
кезінде некелік үкімдер бұзылмай жалғаса береді. Тіпті
бұл кезде әйелдің ризалығы да қажет емес. Бірақ ханафи-
лер бойынша ерінің әйеліне оралғанына білдіруі мұстахап
амалға жатады. Ерінің оралғанын қатысты ешқандай өзге
куәларда қажет емес.
530
Нәсәи, Талақ.