322
Отбасы ғылымхалы
Әбу Ханифа және Шафиғи бойынша әйелі ерінің
құрдастарының өміріндей уақыт күтуі қажет. Ал Имам
Мәлик бойынша жоғалған ердің әйелі төрт жыл күтеді.
Мәлики және Ханбалилер бойынша ері үйін ұзақ уақыт
тастап кетіп әйелі осыдан қиындық көретін болса, ері
осы уақыт аралығына жететін мал-мүлік тастап кетсе де
әйелінің қазыға ажырасу туралы арыздану құқықы туады.
Дәлел:
«Исламда зиян және зиянға зиянмен қайтару да
жоқ»,-
деген хадис
536
.
Мұнымен қатар хазіреті Омар халифа болып тұрған
кезінде әйелдерінен бөлек кеткен еркектер туралы хат
жазып не нәпақа берсін не оларды талақ етсін деп әмір
еткені бар.
Имам Мәлик бойынша үйден ұзақ уақыт кетудің мер-
зімі бір жыл яки одан көп мезгіл болып мұндай кезде
ерінің қайда екені табылатын болса, қазы оған үйіңе қайт
немесе талақ ет яки нәпақа бер деп ескертеді.
Ханбалилер бойынша бұл мезгіл алты ай немесе одан
да көп. Дәлел хазіреті Омардың берген әмірі. Әйел қазыға
шағымданып дәлелдейтін болса оларды ажыратады
537
.
Төртінші:
Мәликилерден тыс көпшіліктің көзқарасы
бойынша ерінің абақтыға қамалуы немесе тұтқындалуы
яки дұшпанның қолына түсуі талақтың себебіне жатпай-
ды. Өйткені бұл туралы ешқандай аят пен хадис жоқ.
Мәликилер бойынша ері себепсіз әйелінен бір жыл немесе
одан да көп бөлек қалса әйелінің қазыға шағымдануына
құқығы бар.
Бесінші
: Бір-бірімен қатты тіл табыса алмау және
қиыншылық көрсету. Ерінің әйеліне қатты тіл тигізіп
балағаттауы, оны ұрып соғып денесіне із қалдыру не-
536
Ахмәд ибн Ханбәл. Муснәд.
537
Ибн Қудамә, әл-Муғни; Зуһайыл.