Previous Page  317 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 317 / 360 Next Page
Page Background

317

Талақтың түрлері

Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту уәс-сәләм)

басқа бір хадисінде

де:

«Қандай да бір әйел ешқандай себепсіз еріне өзін талақ

етуді сұрайтын болса онда оған жаннаттың иісі харам

болады»-

деп қатаң ескерткен

526

.

Алайда Ислам дінінде ерлі-зайыптылар бірге өмір

сүре алмайтындай жағдайға жететін болса мұндай кезде

оларға ажырасуға рұқсат береді. Осындай кезде ері әйелін

хайыздан тазарған соң онымен жыныстық қатынас жаса-

май бір рет талақ ететін болса бұл дінде «ең жақсы талақ

ету түрі» болып саналады. Өйткені әйелін оның нифас

яки хайыз кезінде яки хайыздан соң жыныстық қатынас

жасап талақ ететін болса бұл талағы жарамды болса да

бұл талақ «бидғат» талақ болып саналады. Бұндай талақ

ханафилер бойынша тахримән мәкрүһ ал көпшіліктің

көзқарасы бойынша харам болып табылады

527

. Мұның

сыры әйелдің «ғиддат» мерзімінің ұзамауы. Өйткені

хайыз кезінде талақ етілген әйелдің хайыз кезеңі «ғиддат»

кезеңіне жатпайды. Оның үстіне хайыз кезеңі әйелдің ері-

не деген тартымдылығының аз кезеңі. Ал оның хайыздан

таза күндері ерін өзіне тартып тұратын күндер. Егер ері

осындай күндерде де әйеліне көңіл аудармайтын болса

онда олардың арасында жарастықтың жоғала бастағаны

деген сөз

528

.

Һәм Ислам дінінде сүннетке лайық талақ ету үш

талақты бірден бір уақытта айтпай әйелдің үш бөлек таза

күндерінде айтуы. Бұл туралы ғалымдар арасында бір

ауыздылық бар

529

. Оның үстіне Пайғамбарымыз

(аләйһис-саләту

уәс-сәләм

) бір адам әйелін бірден үш талақпен талақ еткенін

526

Әбу Даууд, Талақ; Ибн Мәжә, Талақ.

527

Бухари, Талақ.

528

Ибнул-Хуммам, 3/28. Ибн Қудамә, 7/98.

529

Сол жерде.