Previous Page  323 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 323 / 360 Next Page
Page Background

323

Талақтың түрлері

месе жарақаттауы және Аллаһтың харам еткен бір істі

жасауға зорлауы немесе себепсіз оған қырын қарауы

қысым көрсетуге жатады.

Ханафи, Шафиғи, Мәликилер бойынша бір-бірлері-

мен түсінсе алмау және қиыншылық көрсету жағдайлары

ажырасудың себебі бола алмайды. Мұндай жағдайда кінә

әйелде болса ері Құрандағы тәсіл бойынша амал етіп сонда

да әйелі түзелмейтін болса өзі талақ ете алады. Ал әйел

ерінен таяқ жеп, сөз еститін болса қазыға арызданып ерін

түзете алады. Бұл жерде дереу ажыраса қоюдың ешбір

қисыны жоқ.

Мәликилер бойынша мұндай жағдайда әйел қазыға

арызданып ажыраса алады. Дәлел: «Исламда зиян және

зиянға зиянмен қайтару да жоқ» деген хадис

538

.

Османлы құқығы Мәликилер бойынша заң қабыл-

даған.

Ислам дініне кіру, яки діннен шығудың

некеге әсері

Әбу Ханифа, Әбу Жүсіп және Имам Мәлик бойынша

ерлі-зайыптылардың бірі Ислам дінінен шығатын болса

неке өздігінен бұзылады. Бұл жерде сотқа шағымдану

қажет емес.

Шафиғи және Ханбалилер бойынша некенің бұзылуы

«ғиддат» біткенде жүзеге асады. Сондықтан діннен безген

жұбай «ғиддат» мерзімі ішінде қайта Исламға оралатын

болса, неке бұзылмай жалғасын табады.

Егер әйел Ислам дінін қабылдап ері кәпір болып өмір

сүрсе, Ислам қазысы оған да мұсылман болуға ұсыныс

жасайды. Егер ол да Ислам дінін қабылдаса әйелі оның

538

Ахмәд ибн Ханбәл. Муснәд.