324
Отбасы ғылымхалы
жұбайы болып қала береді. Ал егер дінді қабылдамайтын
болса, қазы оларды ажыратады. Өйткені мұсылман әйелдің
кәпір бір еркекпен бірге тұруына болмайды.
Отқа табынған немесе дінсіз бір әйелмен бір ер кісі
мұсылман болса, әйелін де Исламға кіруге насихаттайды.
Қабыл етсе бірге өмір сүреді. Болмаса қазы оларды ажы-
ратады. Өйткені мұсылман ердің отқа табынушы немесе
атеист бір әйелмен некелесуі жарамсыз.
Ал егер әһлі кітаптан бір әйелдің ері мұсылман болса,
некелері бұзылмайды. Өйткені мұсылман ер әһлі кітаптан
қыз алуына болады
539
.
539
Зуһайл, 7/623.