Previous Page  330 / 360 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 330 / 360 Next Page
Page Background

330

Отбасы ғылымхалы

бітпейді. Мұндай кезде ол өлім ғиддатын яки үш айлық

ғиддатты аяқтайды

547

.

Төртінші: Балиғатқа жетпеген не болмаса кәрі

әйелдердің ғиддаты:

Жасы балиғатқа жетпеген немесе

елу бес жастан асқандықтан хайызы тоқтаған не болмаса

тумысынан хайыз көрмеген әйелдің ғиддат уақыты үш

ай. Құранда

:

َوَاللّئِي يَئِسْنَ مِنَ الْمَحِيضِ مِنْ نِسَائِكُمْ إِنِ ارْتَبْتُمْ فَعِدّتُهُنّ ثَلَثَةُ

أَشْهُرٍ وَاللّئِي لَمْ يَحِضْن

«Етеккірден қалған әйелдеріңнен күмәндансаңдар,

олардың ғиддат мерзімі үш ай. Және хайыз көрмеген

әйелдердің де мерзімдері сондай»,

548

– деп айтылады.

Ал егер ажырасқан әйел хайыз күндері бұзылып үнемі

қан ағып үзірлік халде болатын болса онда ол әйелдің

ғиддат мезгілі ханафилер бойынша жеті айдан тұрады.

Бірақ әйел өзінің хайыз күндерінің уақытын білетін болса

соған қарай амал етіп ғиддатын аяқтай алады.

Бесінші:

Күйеуі жоғалған әйелдің ғиддаты

. Ері

үйінен шығып қайта оралмаған, шет елге кетіп бейхабар

кеткен, соғысқа қатысып соғыс аяқталып елге сарбаздар

оралған кезде оралмау осы «жоғалған» топқа жатады.

Ханафилер бойынша жай күндері жоғалып өлгені айқын

білмейінше ол адам тірі болып есептеледі де әйелі ғиддат

мерзімін күтпейді. Әйелі ерін оның құрдастары қайтыс

болғанға дейін күтеді. Бірақ әйел күйеуінің өлгенін немесе

өзін талақ еткенін сенімді біреуден немесе бір құжаттан

оқып білетін болса, сол сәттен бастап ғиддат күтіп біткен

соң тұрмысқа шыға алады.

547

Хамди Дөндүрен, а.а.е, 461 бет.

548

«Талақ» сүресі, 65/4.