336
Отбасы ғылымхалы
дерді қызықтырса да. Мүшрік азат ерден мүмін құл
артық
»
552
,-деген.
Сондай діні жоқ әйелдермен де үйленуге болмайды.
3.
Ислам діні не үшін мұсылман ерге мұсылман емес
әйелдерге үйленуге рұқсат береді де, керісінше мұсылман
әйелдің мұсылман емес ерге тұрмысқа шығуына тыйым
салады ?
Бұған жоғарыда айтылғанындай Ислам діні мұсылман
ер адамға христиан не яһуди дініндегі қызға үйленуін
рұқсат беріп, ал христиан не яһуди дінін ұстанатын ер
кісінің мұсылман қызға үйленуіне болмайды деген сөздері
дәлел болады.
Себебі мұсылманның мұсылман болуының
шарттарының бірі Мұса мен Исаға, сондай-ақ
пайғамбарымыз Мұхаммедке (аләйһис-саләту уәс-сәләм)
және оларға түсірілген кітаптарға сенуі. Сондықтан
христиан не яһуди дінін ұстанатын әйелдің сеніміне,
пайғамбарына және кітабына тіл тигізуіне болмайды. Егер
де кітабына, пайғамбарына тіл тигізетін болса, исламнан
шыққан болып саналады. Ондай болса, мұсылман ер адам
өз әйеліне азап шектірмейді, дініне және оның сеніміне
әрі ойлау бостандығына бөгет болмайды. Осылайша оның
үйінің босағасы берік, отбасылық өмірінде тыныштық пен
ынтымақ және өзара түсіністік орнайды. Айрандай ұйыған
отбасы қоғамға жақсылық жағымен әсер етеді.
Ал христиан не яһуди дініндегі ер кісінің мәселесі
керісінше келген. Олар біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке
(аләйһис-саләту уәс-сәләм) және оған түскен кітапқа және
дініне де иман келтірмейді. Онымен қоймай мұсылман
әйелге үйленген жағдайда оның сенім-нанымына,
552
Бақара сүресі, 221-аят.