337
Әр түрлі мәселелер
діни көзқарасына, пікіріне кері іс-әрекет жасап, оның
пайғамбарына, кітабына, дініне тіл тигізіп балағаттауы
мүмкін. Ер кісі қандай жағдайда әйелден жоғары тұратыны
белгілі.
Мұсылман емес ер кісінің мұсылман әйелге
үйленуіне рұқсат етпеуі
Ислам діні әйелдің өз дінінде еркін амал етуіне
рұқсат етеді. Ал отбасындағы тіршілік екеуіне ортақ
яғни отбасының бұзылуына, ұрыс-керіс шығуына ешбір
негіз жоқ. Ал мұсылман емес кісінің мұсылман әйелге
үйленуі әйелдің діни құқықтарын шектеп, тіл тигізеді,
көптеген зардаптар келтіреді. Қалай дегенмен де ер кісінің
отбасындағы сөзі, беделі басым екені белгілі. Жанынан
артық болған пайғамбарына, дініне тіл тигізуіне әйелдің
де шыдап тұруы мүмкін емес. Осыдан кейін ұрыс-керіс
туып, арты отбасының бұзылуына алып барады.
Күйеуі қайтыс болған әйел не істеуі керек?
Егер ол әйел мұсылман және балиғат жасына жеткен
болса, зинадан сақтанып, әтір пайдаланбай ғиддат уақытын
күтеді. Күйеуінің өмірден озғанына өзінің қайғылы екенін
білдіреді. Күйеуі қайтыс бола сала басқа ер кісімен не-
келесуі дұрыс емес. Бірақ өзіне қажетті нәрселерді табу
үшін үйінен шығуына рұқсат етіледі. Егер жұмыс істейтін
болса, жұмысын жалғастыра береді. Күйеуінің дүниеден
өтуіне байланысты жұмысын тоқтатса, өмір сүруі үшін
нәпақасын қайдан алады.
553
Егер әйел рижиғи талағымен талақ етілсе, онда ол
әйелге боянуға, иіс су себу сияқты әрекеттерді жасауға
553
Бидаяту әл-Мубтади, 86-бет.