338
Отбасы ғылымхалы
болады. Бірақ ертелі-кеш үйінен шықпайды. Ерлі-
зайыптылық қарым-қатынасты жақсартуға қам жасайды.
Ғиддат уақыты біткенше тамағы ерінің мойнында бола-
ды.
Құдалық түсумен үйленуді қалағанын білдіру
Ер кісі әйелге өзінің үйленгісі келетінін айтуына да,
іштей жасыруына да болады.
Қызға сөз салғанда даналықпен белгі беріп: «Мен
үйленгім келеді», «Маған салихалы әйел кезіксе» , «Аллаһ
саған қайырлы отағасын бергелі тұр» деп немесе «Сен
өте әдемі, салихалы қызсың» деп айтқаны абзал. Бірақ
«Мен сенімен некелескім келеді» немесе «Саған үйленгім
келеді», - деп бірден айта салмағаны жөн.
Күйеуі талақ еткен немесе қайтыс болған әйел
не істеуі керек?
Әйелге өзіне тиісті ғиддат уақыты біткенше тұрмысқа
шықпай күтуі міндет саналады.
Етеккірі келіп жүрген әйелдің ғиддат мерзімі талақ
етілгеннен кейін келетін үш етеккір кезеңі. Ал талақ
етілген кезінде келіп жүрген етеккірі есепке алынбайды.
Егер талақ етілген кезде әйел етеккірден таза болса, онда
алдағы келер етеккірінен бастап есептеледі.
Ал балиғатқа толмауына немесе керісінше жасының
ұлғаюына байланысты етеккірі келмейтін әйелдер һижра
жыл санауы бойынша үш ай, жүкті әйелдер баласы дүниеге
келгенше күтеді.
Егер күйеуі қайтыс болған әйел екіқабат болмаса,
онда ол әйел һижра жыл сануы бойынша төрт ай күтеді.