344
Отбасы ғылымхалы
Мәкрүһ:
Жағымсыз, ұнамсыз жаман іс-әрекет. Дәрет
мен ғұсылда суды ысырап ету, т.б.
Мәһір:
Үйлену кезінде ер кісінің әйелге осы атпен
беретін, не кейіннен беріуіне болатын дүние яки ақша.
Мүбаһ:
Жасалуы мен жасалмауында діни жағынан
ешқандай тосқауыл болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі
іс-әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.
Мұта:
Белгілі мерзімге қиылған харам некенің бір
түрі.
Нас:
Діни мәтіндер. Құран мен сүннет.
Нифас:
Әйел адам босанған кезде жатырынан келген
қан.
Парыз:
Анық және бұлтартпас дәлелдермен әмір етіл-
ген діни іс-әрекеттер мен міндеттер.
Рәжм:
Тасборан:Зина жасаған үйленген ер кісі
мен әйелге яки жесір мен әйелінен айырылған ер кісіге
сүннетпен белгіленген жаза түрі.
Рижиғ талақ:
Әйеліне қайта қосылу мүмкіндігі бар
талақ түрі. Яки бір ер кісі әйелін бір не екі мәрте талақ
ететін болса, «ғиддат» күту мерзімі аяқталғанға дейін
жаңа неке қимай-ақ, һәм жаңа «мәһір» бермей-ақ райынан
қайтып әйеліне қайта қосылуы.
Рүкін:
Негіз.
Сүннет:
Парыз бен уәжіптен бөлек Аллаһ елшісі
жасаған, «жасаңдар» деп әрі жасалуына ризалығын біл-
дірген іс-әрекеттер.
Талақ:
Ерлі-зайыптылардың бір-бірімен ажырасуы.
Тәсәттур:
Әйелдің орамал тартуы, ақжаулық.
Уәжіп:
Орындалуы дәл парыз секілді талап етілме-
ген, қуатты дәлелдермен анықталған іс-әрекет пен уази-
палар.
Уәли:
Қамқоршы, заңды өкілі.