339
Әр түрлі мәселелер
Егер әйелдің жағдайы өзгеретін болса, онда оның
үкімі жаңадан басталады.
Егер де әйел етеккірі келмей тұрып мерзімін есептей
бастаса, кейін етеккірі келіп қан көретін болса, онда ол
әйелдің ғиддат мерзімі жаңадан басталады. Өткені есепке
алынбайды.
Егер әйелдің етеккірі келіп жүріп, ғиддат мерзімін
есептей бастаса, бірақ екі етеккір өткеннен кейін қан
тоқтап қалатын болса, онда ол әйел ғиддат мерзімін
жаңадан бастайды, өткені есепке алынбайды.
Жоғарыда айтылған жағдайларда ғиддаттың уәжіп бо-
луына Аллаһ тағаланың Құран Кәрімдегі:
«
Талақ болған
әйелдер, үш етеккір мерзімін күтеді
»
554
;- «
Сендерден
қайтыс болып
(артында)
қалдырған әйелдердің өздері;
төрт ай он күн
(ғиддат уақытын)
күтеді. Әрқашан
олардың белгілі ғиддаты бітсе, олардың өздеріне бай-
ланысты істеген істерің
(үйлену үшін киініп, түзелуінің)
сендерге жауапкерлігі жоқ. Аллаһ не істегендеріңнен
толық хабар алушы
»
555
; - «
Етеккірден қалған
әйелдеріңнен күмәндансаңдар, олардың «ғиддаты» мер-
зімі үш ай. Және ғиддат көрмеген әйелдердің мерзімдері
де сондай. Ал және жүкті әйелдердің мерзімдері олар
босанғанға дейін. Кім Аллаһтан қорықса, оның ісіне
оңайлық жасайды
»
556
-
деген аяты дәлел.
Талақ етілген немесе күйеуі қайтыс болған әйел бір-
ден ғиддат мерзімін санайды. Егер күйеуі әйелін талақ
етсе оны әйелі ғиддат уақыты өтіп кеткеннен кейін білсе,
сол ғиддат уақыты деп саналады, жаңадан ғиддат уақытын
күту қажет болмайды.
554
Бақара сүресі, 228-аят.
555
Бақара сүресі, 234-аят.
556
Талақ сүресі, 4-аят.