342
Отбасы ғылымхалы
Ата-анадан бейхабар неке қиюға бола ма?
Біздің мәзһабта ата-ананың рұқсаты некенің шарты
емес. Қыз бен жігіт өзара келісіп куәлар арқылы некелерін
қиса жарамды болады. Бірақ Исламда қыз бен жігіттің ата-
аналарының батасы мен ризалығын алуы – парыз. Егер қыз
бен жігіттің ата-аналары олардың қосылуларына ризалық
танытпаса үйленбегендері абзал. Ата-аналарының теріс
батасын алған қыз бен жігіттің некелері дұрыс болса да,
өмірлері баянды болмауы мүмкін. Өйткені, мұсылманның
мақсаты – Аллаһтың ризалығы. Ал сол ризалық ата-анаға
қатысты. Яғни Аллаһтың ризалығы – ата-ананың ақ ба-
тасында. Сондықтан қыз бен жігіт бір-біріне деген ма-
хаббат пен Аллаһ пен ата-анаға деген махаббаттың бірін
таңдауына тура келеді...
Ал, неке қиятын молда яки мешіт имамына келсек,
олар әсте қыз бен жігіттің ата-ана яки заңды өкілдерінің
рұқсатынсыз некелерін қиюына болмайды.